26 Қырқ 2020
Материал №37 орта мектеп

Біз туралы

«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.

ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен - күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі.Заңғар жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім болмақ» десе, көреген ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте  оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдайды. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Орта мектеп - білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте  қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауында баса назар аударылған үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында 2017/2018 оқу жылы басы  Атырау қаласында Нұрсая ықшамауданында  № 37 орта мектебі ашылған болатын.

Атырау қаласының Нұрсая, Жерұйық, Самал, Болашақ, Тұлпар, Жетіқазына ықшамаудандары тұрғындарының балалары үшін ашылған жаңа білім ордасы – № 37 орта мектебінің іске қосылғанына бір жыл толмаса да жетістігі ұшан – теңіз.

Алғашқы оқу жылын  жалындап бастаған  аталмыш білім ордасының ойы озық, шығармашылығы шырқау, ізденісі ілгері ұстаздары білім бәсекелерінде бірнеше мәрте белсенділік танытудан танған емес.

Оның дәлелі  «Инновациялық қызмет жүйесі ұжым жетістігіне бастар жол» атты  «БІЛІМ.KZ» баспасынан шыққан  мектебіміздің 70-ке жуық мұғалімдерінің іс-тәжірибелер жинағы жарық көрді. 5 желтоқсан күні  «Қазақстанның Білім  және Ғылым әлемі» республикалық  ғылыми-әдістемелік  және педагогикалық  журналының ҚР  жалпы білім беру  мектептерінің , колледждерінің және қосымша білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бес басымдылықтарын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылған республикалық «Білім беру мазмұнын жаңартудың маңыздылығы» атты семинар-конференциясына мектебіміздің директоры А.К.Булекова , жас мамандар- Ж.К.Жолдыбеков, Г.М.Елеубай, А.А.Сыралиева, А.Мәдениетқызы, А.Т.Жеделбаева, Ә.Д. Сиғуатов қатынасты. Мектеп директоры А.К.Булекова «Табысты көшбасшы», жас маман  А.А.Сыралиева « Білім көшбасшысы», басқалары сертификаттар мен «Үздік автор» атты медальдармен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі, жас маман Г.М.Елеубай «Жиенбет толғауына талдау» тақырыбында,  тарих пәні мұғалімі А.А.Сыралиева «Ежелгі көшпенділердің материалдық мәдениеті» тақырыбында Астана қалалық  № 70 мектепте өздерінің ашық сабақтарын беріп,  республиканың түкпір-түкпірінен  барған семинарға қытысушылардың жылы лебізіне ие болып қайтты.

Жаңа мектеп жаңаша жұмыс жасайды, нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамыз. Себебі мектебімізде  108 ұстаздың ішінде жоғары санатты-13, бірінші санатты- 20, екінші санатты-21, санатсыз-54 мұғалім бар. 28 жас маман жаңа білім ордасында алғашқы еңбек жолын бастады. «Өрлеу БАҰО»  АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында  І деңгей бойынша-1 мұғалім, ІІ деңгей бойынша-2 мұғалім, ІІІ деңгей бойынша -5 мұғалім, «Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия», «Тиімді оқыту» білім беру курстарын -6 мұғалім, жаңартылған білім мазмұны бойынша – 32 мұғалім  біліктілік курстарында дәріс алған. Осы орайда мектебімізде оқитын оқушылар заман талабына сай жақсы, терең білім алады деген сенімдеміз. 16  желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  мектеп директорының ОІЖ орынбасары Г.С.Малаева,  ғылыми-әдістемелік  жұмыстары жөніндегі орынбасары С.К.Танатарова,  орыс  тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері: М.А.Утеуова,З.Сюнишкалиевалар «Білім беру үздігі» атағымен  және төсбелгі, тарих пәні мұғалімі, «Жас мұғалімдер» мектебі жетекшісі Қ.Ә.Есенгелдина, математика пәні мұғалімі  Б. Т.Қоблашева,   музыка пәні мұғалімі С.Т.Сисенова  «Білім беру көшбасшысы» атағымен  және төс белгімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  орталығы 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 4-7 қаңтар  аралығында Сүлеймен Демирель Университеті  инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасы базасында (Алматы облысы,Қаскелең қ.) білім беру ұйымдарының  математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика-математикалық оқытудың практикалық әдіс-тәсілдері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарына, «Заманауи білім беру моделі жағдайында гуманитарлық білім берудің инновациялық технологиялары» атты республикалық оқу –әдістемелік семинарына  математика пәні мұғалімі  Б.Т.Қоблашева, Э.Р.Орынбасар, М.Қ. Нұрымова, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  орталығы 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-7 қаңтар  аралығында  Алматы қаласында  әл-Фараби атындағы ұлттық университеті  базасында «математика пәні мұғалімдерінің  Қазақстандық ассоциациясы» РҚБ біріге «Физиканы оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбынды білім беру ұйымдарының (қазақ тілінде білім беретін) физика пәнінің мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына физика пәні мұғалімі  А.М.Салахаденова қатынасып сертификат иегерлері атанып келді. "Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр. Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу-ұстаздардың қолында. Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. "Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін дарынды да білімді шәкірт екені хақ. Атырау өңірлік  «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің  жұмыс жоспарына  сәйкес, Облыстық білім  беру  басқармасының  әдістемелік орталығының  2017 қазандағы № 110 бұйрығына сәйкес «Шеберлер қалашығы» облыстық мектеп оқушылары арасындағы байқауға 10 «А» сыныбы оқушысы Рысқалиев Бексултан (мұғалімі- Қайратов  Бекнур Қалниязұлы) қатынасып, жүлделі бірінші орынға  ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде география пәнінен жүлделі орынға  10 сынып оқушысы Қабдолова Аружан иеленді ( Мұғалімі  Жанбырова Назгүл Наримановна).

Республикалық «Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали оқуларынан  жүлделі І орынды Алматы қаласынан қанжығасына  10 «А» сынып оқушысы Орынбаев Азамат  байлап келді.  Осы оқушының әдебиетке деген сүйіспеншілігін оята білген жоғары санатты ұстаз Темиргалиева Агила Сериковнаның еңбегінің жемісі десек артық айтпаған болар едік.

Қорыта айтқанда, оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенуде.Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» деген ұстаным Елбасымыздың сындарлы саясатының бір ұшқыны. Ендігі кезекте Елбасының көздеген бағыттарының бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарылады деген  сенімдеміз.