20 Қаз 2020
Материал №37 орта мектеп

Мектептік тамақтандыру

Атауы Жүктеу
1 Бракераж комиссиясының жоспары pdf
2 2022-2023 бір мезгіл ыстық тамақпен қамту туралы pdf

 


Жалпы білім беретін №37 орта мектеп бойынша қазіргі таңа 1-4 ыныптар аралығы бойынша 812 оқушы,аз қамтылған отбасынан шыққан 5-11 ынып оқушыларынан 22 бала ытық тамақпен қамтылып отыр.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес "жалпы білім беру" қорынан білім алушылардың мынадай санаттары тегін жеңілдікпен тамақтандырумен қамтылатын болады: 

1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

3) Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;

4) Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

5) Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жатады.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

Тамақтану жүйесін ұйымдастырудың басым бағыттары:

- оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- тамақтану сапасын, калориялылығын және теңгерімділігін бақылау;

- ауыз су режимін қамтамасыз ету.

Тамақтандыруды ұйымдастыру білім бөлімінің басшысы бекіткен мәзір негізінде жүзеге асырылады. Мәзірді талдау диетада ет тағамдары, балық тағамдары басым болатындығын көрсетеді. Сусындардан оқушылар сүт, кисель, бал, кептірілген жемістерден компот, алма, айран, йогурт алады. Бүйір тағам ретінде-макарон, қарақұмық, күріш, арпа, сұлы, картоп, қырыққабат, сонымен қатар жемістер алма, банан, алмұрт. Көбінесе мәзірге жаңа піскен көкөністер салаттары кіреді. Тамақтану мектептің жұмыс режимінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылауды жүзеге асыру, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, жеткізілетін өнімдердің сапасы, ас блогында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында мектепте құрамында 5 адам бар бракераж комиссиясы бекітілді.

Дұрыс тамақтану ережелері

  1. Өлшемділік ережесі. Адам күніне 3-4 рет ас қабылдауы керек. Әрбір қабылдау барысында астың мөлшері 2 алақанды қосқандағы уыс көлеміне тең болуы тиіс. Сонда қабылдаған ас, асқазанның 3/4 бөлігін ғана толтырады. Асқазандағы астың дұрыс араласуына және ас қорыту сөлімен әрекеттесуі үшін, бұл ережені қатаң түрде сақтау қажет. 
  2. Астың негізгі мөлшерін қабылдау 12.00-14.00 аралығына сәйкес келуі тиіс. Бұл кезде От элементі мен бауырдың белсенділігі жоғары болады. Сондықтан қуатты, майлы астар тәуліктің осы кезінде қабылдануы тиіс. 
  3. Суық кезде жеміс пен көкөністерді қолдануды шектеу керек. Суық мезгілдерде піспеген затты жеу салқын тиюге, ісіктің пайда болуына, ас қорыту мәселелерінің туындауына алып келеді. Себебі, жемістер мен көкөністер қасиеті бойынша салқын заттар қатарына жатады. Оларды жиі қабылдау ішкі жылылықты төмендетеді және организмдегі барлық үдерістерді баяулатады.
  4. Жаңа пісірілген тағамды жеу. Ұзақ сақталған тағамдарда улы заттар мен салқындық қасиет жиналады. Ал, етке бұл қасиет тән емес, суықта сақтаған сайын жылылық қасиеті арта түседі. 
  5. Тамақты мұздай немесе ыстық күйде пайдалануға жол бермеу керек. Астың жоғары немесе төмен температурада болуы асқазан сөліне зиян келтіреді. Ыстық күнде біз үй бөлмесінің температурасындағыдай суды ішуіміз керек. Егер мұздай суды пайдалансақ, оны жылыту үшін организм көбірек энергия жұмсайды, одан кейін су асқазан сөліне араласады. 
  6. Тағам қабылдау барысында сұйықтық ішуге болмайды, ішкен жағдайда ас қорыту сөлінің шоғырлануы азайып, асқазанның ас қорытуы төмендейді. 
  7. Ас қорыту шоғырлануының Оты жоғары болғанда, бірінші қою тағамды жеп, 20-30 минуттан кейін сұйық тағамды ішкен дұрыс. Егер керісінше тамақтанса, онда тамақты қорытатын ферменттердің шоғырлануы төмендеп, ет, ботқа, жеміс тағамдары қорытылмай қалады. 
  8. Асты қабылдаудан 20-30 минут бұрын бал, тұз немесе лимон шырыны қосылған бір құты ыстық су ішу қажет. Аталған барлық қоспалар ас қорыту жүйесін жақсартып, асқазанды кілегейлерден тазартып, асты қорытуға дайындайды. 
  9. Асты жануарлар майымен ғана әзірлеу. Ең жақсысы - ерітілген сары май. Сары майды қыздырған кезде улы заттар пайда болмайды, бұл оның көптеген өсімдіктер майынан айырмащылығын көрсетеді. Қыздырылған сары майдың шектеулі мөлшерін кез келген жастағы адамға, кез келген науқасқа қабылдауға болады. Осы қасиетіне қарай оны Шығыста жоғары бағалайды. Тамақтану жайлы аталмыш үйлесімділік ережелері оқырмандарға табиғаттың заңына сүйене отырып, науқастануға жол бермеуге көмектеседі. Дұрыс тамақтана білу - кез келген дәріден де күшті екенін естен шығармаған жөн.

Денсаулыққа пайдалы тағамдар

Қызанақ. Оның құрамында ағзаға керекті органикалық қышқылдар В1, В3, В6, В9, Е дәрумендері бар. С дәруменіне де өте бай. 

Жаңғақтар. Күніне 100 грамм жаңғақ жеп тұрсаңыз, қанның құрамындағы холестериннің деңгейі төмендейді. Кедр жаңғағының құрамында холестеринді май бар. Жүрекке пайдалы жаңғақтардың бірі – бадам. 

Кептірілген өрік. Калий, магний, темір және фосфор балғын өрікке қарағанда кептірілген өріктің құрамында өте көп болады. Кептірілген өрікті қаназдықта, көздің көру қабілеті нашарлағанда, жүрек ауруларына нығайтушы құрал ретінде қолданады. Ол қантамырларының бекітіліп қалуын болдырмайды және қатты ісіктерді жұмсартады, терінің жұмысын жақсартады. 

Шабақ балық. Шабақ балықтың құрамында триглицерид мөлшерін азайтатын омега-3 май қышқылдары бар. Шоколад. Қара шоколадты күнде аз-аздан жейтін болсаңыз, ол атеросклерозды тоқтатады. 

Көк шай. Көк шайда қара шайға қарағанда кофеин өте аз болады. Ол – жер бетіндегі ең пайдалы 150 тағамның қатарында. 

Апельсин. С дәруменіне өте бай. Мамандар дәрі ішпес бұрын цитрусты жемістерді көбірек жеуге кеңес береді. 

Әрдайым сымбатты көрініп, денсаулығым мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге пайдалы 12 тағамды енгізіңіз.


Сүт.

Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар. Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады. 


Айран 

Сүт те бар элементтер айранда да бар. Сондай-ақ, айранда ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылуды көздейтін жандар күніне 1 стакан айран ішсе, діттеген мақсатына жете алады. Диетолог-мамандардың айтуынша, айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы. 


Тауық еті

Тауық етінің құрамында В тобындағы дәрумендер, ақуыз бен аминқышқылдары бар. Ас қорыту жүйесін, ағзадағы қан айналымын, жүрек пен бұлшық ет жұмысын жақсартады. Қуырылған тауық етінен қарағанда қайнатылған тауық еті пайдалырақ. 


Балық

Балық құрамында ағзаға қажетті барлық элементтер бар. Оның құрамындағы антиоксиданттар қимыл-қозғалыс координациясын жақсартып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 


Көкөністер

Сәбіз, орамжапырақ, қызылша құрамында көз көруін жақсартып, теріні қалыпқа келтіретін бета-каротин бар. Бета-каротин кәрілікті тежеп, асқазан жұмысын жақсартады. Көкөністер анемия, авитаминоз, бүйрек пен бауыр ауруларының алдын алып, оларға қарсы тұра алады. 


Киви, ананас және цитрус жемістері

Бұл жемістердің құрамында С дәрумені бар. Ағзадағы зат алмасу жүйесін жақсартып, стресс пен депрессиядан сақтайды. Көңіл-күйді көтеріп, иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, жемістер артық салмақтан арылуға жол ашады. 


Манго

Аминқышқылдары мен А, В, С тобындағы дәрумендерге және пайдалы әрі ағзаға қажетті элементтерге толы жеміс. Манго артық салмақ тастауға, стресстен арылуға жол береді. Тұмау, ринит сияқты аурулардың алдын алып, көз көруін жақсартады.


Шие

Ағзаға пайдалы тәтті жидек құрамында иммунитетті күшейтетін каротин мен С дәрумені бар. Каротин ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына ықпал етеді. Ал С дәрумені өкпе, бүйрек, анемия ауруларының алдын алады.


Қара бүлдірген 

Бұл қара жидектің құрамында В дәрумені, глюкоза және аминқышқылдар бар. Ағзадағы зат алмасу мен көз көруін жақсартып, терінің таза әрі балғын болуына жол береді. 


Асқабақ

Құрамындағы калий, кальций, магний, темір, мырыш, С дәрумені, ақуыз, бета-каротин сияқты элементтердің арқасында асқабақ онкологиялық аурулардың алдын алады. Шаш, тырнақ өсімін жақсартып, теріні тазартып, қатайтады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, артық салмақтан арылуға ықпал етеді. 


Теңіз орамжапырағы

 Мырыш, темір, калий, кальций, селен, мыс сияқты минералдарға бай көкөніс жүрек, асқазан, зат алмасу жүйесін жақсартып, семіздік, қант диабеті, йод жетіспеушілігі сияқты аурулардың алдын алады. 


Жаңғақтар

Жаңғақтардың құрамында адам ағзасына қажетті бар элементтер мен минералдар бар. Ол кез-келген аурудың алдын алып, оған қарсы төтеп бере алады.  «IT 

Жалпы білім беретін №37 орта мектеп бойынша қазіргі таңа 1-4 ыныптар аралығы бойынша 812 оқушы,аз қамтылған отбасынан шыққан 5-11 ынып оқушыларынан 22 бала ытық тамақпен қамтылып отыр.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес "жалпы білім беру" қорынан білім алушылардың мынадай санаттары тегін жеңілдікпен тамақтандырумен қамтылатын болады:

1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

3) Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;

4) Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

5) Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жатады.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

Тамақтану жүйесін ұйымдастырудың басым бағыттары:

- оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- тамақтану сапасын, калориялылығын және теңгерімділігін бақылау;

- ауыз су режимін қамтамасыз ету.

Тамақтандыруды ұйымдастыру білім бөлімінің басшысы бекіткен мәзір негізінде жүзеге асырылады. Мәзірді талдау диетада ет тағамдары, балық тағамдары басым болатындығын көрсетеді. Сусындардан оқушылар сүт, кисель, бал, кептірілген жемістерден компот, алма, айран, йогурт алады. Бүйір тағам ретінде-макарон, қарақұмық, күріш, арпа, сұлы, картоп, қырыққабат, сонымен қатар жемістер алма, банан, алмұрт. Көбінесе мәзірге жаңа піскен көкөністер салаттары кіреді. Тамақтану мектептің жұмыс режимінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылауды жүзеге асыру, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, жеткізілетін өнімдердің сапасы, ас блогында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында мектепте құрамында 5 адам бар бракераж комиссиясы бекітілді.

САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ туралы ақпарат

Негізгі фактілер

  • Дұрыс тамақтану оның барлық түрлерінде толық емес тамақтану проблемасын болдырмауға, сондай-ақ диабетті, жүрек ауруларын, ми қан айналымы мен обырды қоса алғанда, инфекциялық емес аурулардың алдын алуға көмектеседі.
  • сау емес тамақтану және жеткіліксіз дене белсенділігі — бүкіл әлемде денсаулық үшін қауіп-қатердің негізгі факторлары.
  • Дұрыс тамақтану практикасы өмірдің ерте кезеңдерінде басталады — емшекпен тамақтандыру сау болып өсуге ықпал етеді, когнитивті дамуды жақсартады және ұзақ перспективада денсаулық үшін пайданы қамтамасыз ете алады — мысалы, артық салмақ пен семіздіктің пайда болу және өмірде инфекциялық емес аурулардың туындау қаупін төмендетеді.
  • ағзаға түсетін энергия (калория) жұмсалатын энергиямен теңестірілуі тиіс. Деректер майлардың жиынтық тұтынылуы (1, 2, 3) салмақтың дұрыс емес жиынтығын болдырмау үшін барлық түсетін энергияның 30% - дан астамын қамтамасыз етпейтінін көрсетеді және қаныққан майлардан қанықпаған майларға (3) көшумен және рационнан өнеркәсіптік трансжирлерді (4) жоюмен сүйемелденуі тиіс.
  • Дұрыс тамақтану көріністерінің бірі ағзаға еркін қанттардың түсуінің жалпы түсетін энергияның 10% - нан кем емес шектелуі болып табылады (2, 5). Қосымша сауықтыру әсерін алу үшін бұл көрсеткішті одан да көп — жиынтық энергияның (6) кемінде 5% - ға дейін төмендету ұсынылады.
  • күніне тұзды 5 г-нан кем қолдануды шектеу гипертензияның алдын алуға ықпал етеді және ересектерде жүрек ауруы мен инсульт қаупін төмендетеді (7).
  • ДДСҰ-ға мүше мемлекеттер тұзды пайдалануды 30% - ға қысқартуға және 2025 жылға қарай ересектер, жасөспірімдер мен балалар арасында диабет пен семіздіктің өсуін тоқтатуға келісті.

Салауатты тамақтану бойынша практикалық кеңестер

Жемістер мен көкөністер

Тағамға күніне кем дегенде 5 порция немесе 400 грамм жеміс-жидек пен көкөністерді жеу (2) инфекциялық емес аурулардың туындау қаупін азайтады және ағзаға клетчатканың тиісті түсуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жемістер мен көкөністерді тұтынуды жақсарту үшін:

  • әрқашан өз тағамына көкөніс қосу;
  • тағамға жеміс және шикі көкөністерді жеу;
  • маусым бойынша жаңа піскен көкөністерді жеу;
  • әр түрлі жемістер мен көкөністерді пайдалану.

Майлар

Майларды жиынтық тұтынуды жиынтық энергиядан кемінде 30% - ға дейін қысқарту ересектер арасында салмақ жинаудың алдын алуға ықпал етеді.(1, 2, 3)

Бұдан басқа, инфекциялық емес аурулардың даму қаупі қаныққан майлардың жиынтық энергиядан (2,3) кем дегенде 10% - ға дейін, ал трансжирлердің жиынтық энергиядан кем дегенде 1% - ға дейін қысқаруы және оларды өсімдік майындағы қанықпаған майлармен ауыстыру нәтижесінде төмендейді.(2,3)

Майлардың түсуін қысқартуға болады:

  • тамақ дайындау әдісін өзгерту – еттің майлы бөлігін алып тастаңыз; өсімдік майын (жануардан алынбаған май) қолданыңыз, сондай-ақ қуыру орнына қайнатуды, буда дайындауды немесе пісіруді қолданыңыз;
  • трансжирлер бар өңделген тамақ өнімдерінен аулақ болыңыз;
  • қанық майы жоғары тамақ өнімдерін (мысалы, ірімшік, балмұздақ, майлы ет) тұтынуды шектеңіз.

Тұз, натрий және калий

Көптеген адамдар натрийді тұз түрінде тым көп қолданады (күніне орташа 9-12 г тұзға сәйкес келеді) және калий жеткіліксіз. Тұзды жоғары тұтыну және калий ағзаға жеткіліксіз түсу (3,5 г кем) жоғары қан қысымына ықпал етеді, ол өз кезегінде жүрек пен инсульт ауруының қаупін арттырады.(8)

Тұзды тұтыну күніне 5 г-дан кем ұсынылған деңгейге дейін қысқарған жағдайда жыл сайын өлімнің 1,7 миллион жағдайының алдын алуға болады.(9)

Адамдар күніне қанша тұз тұтынатынын жиі білдірмейді. Көптеген елдерде тұздың көп бөлігі өңделген тамақ өнімдерінде (мысалы, дайын тағамдарда, өңделген ет өнімдерінде, мысалы, беконда, ветчина және сало, ірімшік және тұздалған тағамдар құрамында) немесе көп мөлшерде тұтынылатын тамақ өнімдерінде (мысалы, нан) түседі. Тұзды дайындау кезінде (мысалы, сорпаға, сорпа текшелеріне) немесе үстелде (мысалы, ас тұзы, соя тұздығы және балық тұздығы түрінде) қосады.

Тұзды тұтынуды қысқартуға болады:

  • тамақ дайындау кезінде тұз, соя соусы немесе балық соусын қоспау;
  • үстелге тұз қоймау;
  • тұздалған тағамдар тұтынуды шектеу;
  • құрамында натрий аз өнімдерді таңдау.

Кейбір азық-түлік өндірушілер өз өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайту үшін рецептураға өзгерістер енгізеді және оларда натрий қанша екенін тексеру үшін азық-түлік заттаңбаларын оқып ұсынылады.

Қан қысымы үшін жоғары натрий тұтынудың теріс салдарын жұмсарту мүмкін калий тұтыну жемістер мен көкөністерді тағамға қолдану нәтижесінде өсуі мүмкін.

Қант 

Нақты деректер ересектер мен балалардың ағзасына бос қанттардың түсуі жиынтық энергияның 10% (2, 5) аспауы тиіс екендігін және жиынтық энергияның 5% кем емес қысқаруы денсаулық үшін қосымша оң әсерді қамтамасыз ететінін көрсетеді.(6) өндіруші, аспаз немесе тұтынушы тамақ өнімдеріне немесе сусындарға қосылатын барлық қант, сондай-ақ балда, шәрбатта, жеміс шырындарында және қойылтылған жеміс шырындарында табиғи түрде болатын барлық қант еркін қант болып табылады.(2)

Бос қантты тұтыну тіс жегісінің (тістің бұзылуы) қаупін арттырады. Бос қантқа бай тамақ өнімдері мен сусындардан артық калориялар, сондай-ақ, артық салмақ пен семіздікке әкелуі мүмкін сау емес салмақ жинауға ықпал етеді.

Ағзаға қант түсуді қысқартуға болады:

  • құрамында қант жоғары тамақ өнімдері мен сусындарды (яғни тәттілендірілген сусындар, тәтті тағамдар мен кәмпит) тұтынуды шектей отырып; тәтті тағамдар орнына дәмдеуіш тағамға жеміс-жидектер мен шикі көкөністерді жейді.

 


Название Скачать
1 Атырау қаласы Жалпы білім беретін №37 орта мектеп КММ. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету конкурсы №598 бұйрық 31 қазан айы .pdf